• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Кеше

Алимент төлемеген әкелер сотталды

70 рет
көрсетілді

Бүгінде жағдайы бола тұра алимент төлеуден жалтаратындар көбейген. Алматы қаласының прокуратурасы табыс көзі бола тұра, ұзақ уақыт бойы өз балаларын бағу жөніндегі міндетін орындаудан жалтарған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура, полиция және уәкілетті органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Алматының екі тұрғыны осындай жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық істердің материалдары сотқа жолданып, сот оларды кінәлі деп таныған. Құзырлы орын өкілдері міндетін қасақана орындамаған екі азаматқа бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалғанын мәлімдеді.

Шаһарда прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәмелетке толмағандардың пайдасына 80 миллионға жуық теңге өндірілген. Жұмыс барысында алиментті қасақана төлемеген 14 борышкер әкімшілік жауапқа тартылыпты. Жұмыспен қамту мәселесін шешуге жәрдемдесу үшін бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 27 борышкер жұмысқа тұрған.

Ұзақ уақыттан бері өз бала-шағасына тиісті көмек көрсетуден қалыс қалған азаматтардың жүргізуші куәлігін тоқтата тұру тиімді нәтиже көрсеткен. Кейінгі айларда алимент төлемейтіндерге әсер ету мақсатында 24 жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылыпты.