• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

Қызылордада есірткіге қарсы шеру өтті

40 рет
көрсетілді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізіліп жатқан айлық аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы шеру-акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шерулер Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандары бойынша білім бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырылды. Акция балалар, жасөспірімдер мен жастар бойында психоактивті заттарды тарату мен қолдануға қарсылықты дамытып, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Шеруге қатысушылар есірткіге қарсылыққа үндейтін транспаранттарды көтеріп, лек болып өтті. Акция шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы ұйымдастырған сайыстардың жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті. Спорттық жарыстар, би, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.