• RUB:
    6.46
  • USD:
    511.37
  • EUR:
    583.73
Басты сайтқа өту
Балалар 01 Маусым, 2025

Төрт мыңға жуық бала қатысты

90 рет
көрсетілді

Халықаралық балалар күні мерекесінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өңір басшысы жамбылдық бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

«Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларға жағдай жасау, олардың алаңсыз, сапалы білім алуын тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барша бүлдіршінге шуақты жаз айымен қатар келген мерекеде шаттыққа толы балалық шақ пен бақытты ғұмыр тілеймін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Іс-шара барысында балалардың көңілін көтеріп, өнері мен дарынын дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл күн жарқын әсерлерге толы болды.

«Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жергілікті биліктің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара аясында мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оларға 4 мыңға жуық бала белсене қатысты.

Жамбыл облысы