Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде биіктікке секіру бойынша алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз 190 сантиметр биіктікке секіріп, барлық қарсыласынан озып шықты.
Айта кету керек, дәл осы нәтижемен ол Гумиде өткен Азия чемпионатында да жеңіске жете алатын еді, бірақ сол жарысқа қатысушылар тізіміне енбеген болатын.
Күміс медальді 188 см нәтижесімен грек спортшысы Татьяна Гкусин жеңіп алса, қола жүлде дәл сондай көрсеткішпен Кипр елінің өкілі Стилиана Иоаннидуға бұйырды.