Қарағанды қаласында «Есірткіге қарсы бірге күресейік» ұранымен кең көлемді акция ұйымдастырылып, қоғамды қауіпті індетке қарсы жұмылдыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар акция аясында тұрғындармен кең көлемде түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қала тұрғындарына есірткінің зияны, мұндай қылмыстарға қатысқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ олардың таралуына тосқауыл қою жолдары жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды
Полиция өкілдері акцияға белсенді қатысып, азаматтық ұстаным танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді.
«Есірткі қылмыстарының алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстары өңірде жүйелі түрде жалғасады», деді Шахназар Салин.
Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды