• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:35

Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды

40 рет
көрсетілді

Көшеде самса сататын адамға санитарлық кітапша қажет, ал адамның жан дүниесімен жұмыс істейтін мамандарға талап болмауы – қоғамдағы өзекті мәселе. Аталған олқылықты мәселені көтерген депутат Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа заң жобасына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі таңда күйзеліске түскен азаматтар әлеуметтік желілер арқылы «психолог» ретінде өзін таныстыратын, бірақ тиісті білімі мен рұқсаты жоқ мамандарға жүгінеді. Олар соңғы қаражатын жұмсап, ұзақ уақыт бойы кеңес алса да, жағдайы жақсармауы мүмкін. Ал мұндай жағдайға шағымдану мүмкіндігі жоқ, себебі бұл сала заңмен  реттелмеген.

Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, егер тағам дайындаған адам халықты уландырса – ол жауапкершілікке тартылады. Ал адамның тағдырына әсер ететін жалған психологтар үшін әзірге нақты жауапкершілік қарастырылмаған. Енді бұл жағдай түбегейлі өзгертіледі.

Коучтар мен психологтар қызметіне шағым жиілеген

Жаңа заң жобасы шеңберінде бірқатар маңызды талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, психологтардың бірыңғай ресми реестрі жасалады, мамандардың дипломы міндетті түрде тексеріледі, сондай-ақ олардың кәсіби жауапкершілігі нақты бекітіледі. Сонымен қатар кәсіби құпияны сақтау міндеті енгізіледі, ал психолог пен психиатрдың қызметі нақты ажыратылатын болады.

Депутаттың айтуынша, мемлекет үшін адамның психикалық саулығы – жай тұрмыстық қызмет емес, аса жауапты және маңызды сала. Сондықтан бұл бағыт заңмен реттеліп, бақылауға алынуы тиіс.

Негізгі мақсат – көмек іздеген әрбір азаматқа қауіпсіз, сапалы және кәсіби психологиялық қолдау жүйесін қамтамасыз ету.

Бал ашып байығандар көп

Соңғы жаңалықтар