Қазақстанда мұғалімдерден енді авторлық оқу бағдарламасын әзірлеу талап етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Мұндай шешім мұғалімдермен ұзақ талқылаулардан кейін қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, бұл бастама күткен нәтижені бермеген, сондықтан жүйені өзгерту қажеттілігі туындаған.
«Біз мұғалімдермен бірге бұл мәселені ұзақ уақыт талқыладық. Авторлық оқу бағдарламалары да тоқтатылады. Енді авторлық оқу бағдарламасын жазудың және ұсынудың қажеті жоқ», деді Жұлдыз Сүлейменова.
Авторлық оқу бағдарламасы – жалпы білім беру стандарты негізінде жасалып, пән мазмұнын анықтайтын педагогтің шығармашылық жұмысы саналады. Алайда министрлік бұл тетік күткен деңгейде тиімділік бермегенін атап өтті.
Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?
Бұған дейін министр Жұлдыз Сүлейменова авторлық бағдарламалар жүйесіне қатысты да пікір білдірген еді. Ол бұл бастаманың білім сапасына нақты әсерін анық көру қиын екенін айтқан.
«Біз бұл талаптың білім беру үдерісінің сапасына нақты қаншалықты әсер ететінін, сондай-ақ дайындалған бағдарламалардың тәжірибеде қаншасы қолданылып жатқанын анық көріп отырған жоқпыз», деген еді министр.
Мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды
Осылайша, жаңа шешім мұғалімдердің жүктемесін азайтуға және оқу үдерісін тиімдірек ұйымдастыруға бағытталған.
Жұмыс істеп жүрген ұстаздар біліктілік тестін тапсырудан босатылды