• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 04 Маусым, 2025

Мидың ерекше қабілеті

30 рет
көрсетілді

Швециядағы Каролинска инсти­тутының зерттеушілері мидың ерекше қабілетін анықтады. Ми терең ұйқы кезінде арнайы лимфа жүйесі арқылы өзін «ақпараттық қалдықтардан» тазартады.

Бұл үдеріс «глимфатикалық жүйе» деп аталады. Ұйқы кезінде ми жасушалары қуатталып, біз таңертең сергек оянамыз. Сонымен қатар, мидағы жаңа ақпараттар естелікке айналып, қажетсіз синапстар жойылады. Яғни ми өзін-өзі тазалап, қайта құрылымдалады. Бұл үдерісте Альцгеймер ауруымен байланысты бета-амилоид секілді ақуыз шоғырлары да тазартылады. Демек ұйқы – тек тынығу емес, ол – мидың қалпына келу мен өзін-өзі күтіп ұстау кезеңі.

 

Айым КҮЗЕМБАЙ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар