• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Заң 04 Маусым, 2025

Кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

100 рет
көрсетілді

Ұйымдасқан топ Алматыда шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Күдіктілер кейіннен кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топтың 20 мүшесі Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында қолға түскен. 

Іске қатысты 40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», деді Қуандық Алпыс.

 

 

Соңғы жаңалықтар