Бүгін экологтардың кәсіби мерекесі күні сала министрі Ерлан Нысанбаев экология саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, құрмет грамоталарын және алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық бастамаларды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін экологтар, табиғатты қорғау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері және қалдықтарды өңдеу саласындағы бизнес өкілдері марапатталды.
Биыл елімізде экологтар күні алғаш рет кеңінен аталып өтіп жатыр. Министрлік мәліметінше Қазақстан бойынша 50-ден астам ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл – экосағаттар, көрмелер, пленэр мастер-класстар, сенбіліктер, сурет байқаулары, саябақтар мен скверлердің ашылуы және т.б.