Қызылжардың атақты ботаника бағында 230 жылдық құрма ағашы жеміс беріп, алғашқы құрмалар саулап түсе бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Бұл ағаштың өскінін 1795 жылы Мекеге барған бір қажы ала келіп, ауласындағы қоршаулы бағына отырғызған екен. Содан бергі 230 жылда бұл мекен Петропавлдың ботаника бағы деген тамаша демалыс орнына айналған.
«Құрма ағашы биыл бірінші рет өнім беріп отыр. Біздің жұмыскерлеріміз оның дәмін жабыла татып, қызығып татуда», дейді бақтың директоры А.Рязапов.
Үнемі ыстықты тілейтін осынау ағаштың Солтүстікте гүлдеп қана қоймай жеміс бергендігіне халық жақсы ырымға балап, қатты таңырқауда.
ПЕТРОПАВЛ