
Фото: Ашық дереккөз
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2021–2024 жылдар аралығында Қордың негізгі қаржылық көрсеткіштері мынадай деңгейде өскен:
- Табыс – орта есеппен жыл сайын 12%-ға артты;
- EBITDA – 7%-ға өсті;
- Таза пайда – 13%-ға ұлғайды.
«Әлем бойынша экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұнай бағасының арзандауына қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобының таза пайдасы 2,4 трлн теңге болды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 39%-ға жоғары», деді Жақыпов.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап активтердің орташа жылдық өсімі 11%-ды құрап, 2024 жылдың соңында Қордың жалпы активтері 41 трлн теңгеге жеткен.
Жақыповтың айтуынша, бұл жетістіктер стратегиялық басқарудың тиімді жүзеге асырылып жатқанын, қаржылық тәртіптің сақталғанын және инвестициялық жобалардың бірізді орындалғанын дәлелдейді.