Испаниялық «Arcadia Space» компаниясы улы жанармайдың орнына табиғи таза сутек пероксидін қолданып, «DARK» қозғалтқышын ғарышта сәтті сынақтан өткізді.
Ғарыштағы сынақ барысында мотор ауыр отынсыз-ақ жүздеген рет қысқа жанып, 1 рет 5 секундқа дейін ұзақ жанған әрі Жердегіден де жақсы нәтиже көрсеткен. Осы арқылы қозғалтқыштың сутек пероксидімен жұмыс істейтіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. «SpaceX» сияқты алпауыт компаниялар қымбат әрі қауіпті гидразиннен бас тартып, қауіпсіз баламаға қызығушылық танытып отыр.