• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 13 Маусым, 2025

Ми импланты орнатылды

70 рет
көрсетілді

Америкалық «Paradromics» стартапы «Connexus» атты ми имплан­тын алғаш рет адамға сәтті орнатты.

Операция небәрі 20 минутқа созылған. Құрылғы мидың сигналдарын тіркеп, кейін қайтадан қауіпсіз жолмен алынып тасталды. Чип жасанды интеллект арқылы нейрон сигналдарын нақты тапсырмаға айналдырған. Осы арқылы инсульт не жарақаттан кейін сөйлеу мен қозғалыс қабілетін жоғалтқан адамдарға ой арқылы байланыс жасауға көмектесуге болады. Қазір жоба авторлары чипті клиникалық сынақтан өткізуге дайындалып жатыр.