• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:55

Көпірлердің Бірыңғай платформасы

30 рет
көрсетілді

Елімізде көпірлерді басқарудың бірыңғай жүйесіне пилотсыз ұшу ­аппараттары, цифрлық көшірмелер мен жедел мониторинг әдіс­тері енгізіліп жатыр. Цифрландыру инфрақұрылым қауіпсіздігін арттырып, оны күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады.

Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) көпірлердің техникалық жай-күйін диагности­калау, бақылау және болжау бойын­ша мәліметтерді қам­титын Көпір­лер­ді пайдалану және басқару жүйе­сін – бірыңғай цифр­­лық платформаны іске асырып жатыр. Жоба аясында Павлодар, Орал мен Астана айналма жолдары сын­ды күрделі құрылымдарды қоса ал­ғанда, 100-ден астам көпір тексе­рілді. Бүгінде олардың үш өлшем­ді цифрлық көшірмесі әзір­ле­ніп, ол құрылымдардың жай-күйін қа­шық­тан бақылауға және тәуе­кел­дерге жедел ден қоюға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл тағы 60 көпірді тексеріп, оларға цифрлық көшірме жасау жоспарланған.

«Жүйе реактивті қызмет көр­се­туден проактивті басқаруға көшуге жол ашады. Біз ел аумағында бір­ың­ғай цифрлық база құрып, тексеру нәти­жесін біріктіріп жатырмыз. Бақы­­лаудың автоматтандырылған әдіс­терін де енгізіп отырмыз. Бұл көпір­дің қауіпсіздігі мен күтіміне деген көз­қарасты түбегейлі өзгертеді», дейді «ҚазжолҒЗИ» көпір және жол құры­лыстары басқармасының басшысы Шалқар Қайсар.

Бүгінде елімізде 3 500-ден астам көпір пайдаланылады. Олардың көбі өңірлік және жергілікті жолдарда орналасқан. Біразы пайдалану мерзімінің шегіне жеткен және тұрақты тексеру мен техникалық бақылауды қажет етеді.