• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:12

Тартысты өткен турнир

20 рет
көрсетілді

Астана мен Қарағанды қалаларында еліміздің ашық чемпио­на­тының супер, екінші, үшінші лигалардағы II тур ойындары өтті. Командалық тартысқа таңдаулы клубтарымызбен қатар, көршілес Ресей, Өзбекстанның да командалары қатысты.

Үш күнге ұласқан жарыс­та көрермендер тартысты ойын­дардың куәсі болды. Астана қа­ласында өткен супер лига сайы­сына 12 команда қатысып, 10 ұпай жинаған Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасы топ жарды. 2-орын 9 ұпайы бар «Қарағанды-1» командасының ойыншыларына бұйырса, 7 ұпай жиған «Shymkent-I» (Шымкент) командасы үштікті түйіндеді. 4-орын 7 ұпай иеленген «Altay Pro» (Өс­кемен); 5-орын «Масаншы жолбарыстары» (Жамбыл облысы, 6 ұпай); 6-орын МЖСШМ (Алматы, 6 ұпай) командаларына бұйырды.

Қарағанды қаласында екінші лига ойындары өтті. Нәтижесі төмендегідей: 1-орын – Almaty-2 МЖСШМ, 9 ұпай; 2-орын – «Қарағанды-3», 8 ұпай; 3-орын – Хван Ман-Гым-2 (Өзбекстан, Ташкент облысы), 8 ұпай; 4-орын – «Қа­рағанды-2», 8 ұпай; 5-орын – «Сиг­ма» (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын – «Ардагер» (Алматы), 6 ұпай.

Кеншілер қаласында өткен үшінші лига тартысына да 12 команда қатысты. 1-орын «ШҚО-1» (Өскемен), 10 ұпай; 2-орын «SaryArka» (Астана), 9 ұпай; 3-орын «Ақтөбе», 8 ұпай; 4-орын «Jenimpaz» (Павлодар); 5-орын Мартөбе БЖСМ-12 (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын 5 ұпай иеленген ОРОМБЖСМ «Қарағанды-1» клубына бұйырды.