• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:12

Ай нұрымен ашылатын гүл

20 рет
көрсетілді

Табиғатта түнде ғана гүлдейтін өсімдіктер бар. Мысалы, түнгі сұлу гүл мен айгүл ымырт түскенде ғана ашылып, таң атқанда қайта жабылады.

Ғалымдардың айтуынша, түнде гүлдейтін өсімдіктер осылай түнгі жән­діктерді, көбелектер мен жарқанаттарды, өзіне тартады. Сонымен қатар мұндай гүлдердің түсі ақ немесе ашық болады, себебі олар ай жарығында жақсы көрінеді. Ал хош иісі өте күшті, ол алыстан-ақ сезіледі. Яғни гүлдердің түнде ашылуы – табиғаттың түнгі тіршілікке бейімделген ерекше тәсілі.

 

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті