• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 12:34

«Қазақконцерт» концерттік бағдарламалар сериясын ұсынады

20 рет
көрсетілді

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында, амфитеатрда 22 маусымда сағат 20:00-де «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылады. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалады.

Сондай-ақ кеш барысында көрермендер ұлттық симфониялық поэмадан бастап нәзік еуропалық классикаға дейінгі музыкалық туындыларды тыңдай алады.

«GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналуды мақсат тұтқан, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі. Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық әртүрлілік – барлығы да түрлі буын өкілдерін өнер айналасына топтастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырады.