• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:50

«Тозақ қақпасы»

30 рет
көрсетілді

Түрікменстанның Қарақұм шө­ліндегі Дарваза газ кратері – әлем­дегі ең ерекше табиғи нысандар­дың бірі.

1971 жылы кеңестік геологтер бұрғы­лау кезінде жер астындағы табиғи газға тап болып, топырақ опырылып түскен. Газ таралмасын деген мақсатпен оған әдейі от қойған. Мамандар от бірнеше күнде өше­ді деп болжағанымен, ол 50 жылдан бері әлі сөнген жоқ. Халық арасында «Тозақ қақпасы» атанып кеткен бұл жер қазір туристер көп баратын көрнекті орынға айналды. Жанып тұрған кратердің диаметрі шамамен 70 метр, тереңдігі 30 метр.