• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:58

Президент екіжақты кездесулер өткізді

40 рет
көрсетілді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Wabtec президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен әңгімелесу барысында компанияның ұзақ жылдан бері Қазақстанның теміржол саласындағы сенімі серіктесіне айналғанын, елімізге 230 миллион доллардан аса инвестиция құйғанын атап өтті.

Америкалық Wabtec корпорациясы көлік технологиясы бойынша көшбасшы компаниялардың бірі ретінде танылған.

Мемлекет басшысы Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Марко Мариоттимен инвестициялық ықпалдастық мәселесін талқылады

Компания орнықты дамуға және инновациялар енгізуге үлес қосып келеді, сондай-ақ ірі салық төлеушілер санатына енеді.

1994 жылдан бастап 2023 жылға дейін Philip Morris компаниясы Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 1,2 триллион теңгеден аса салық түсімін аударды.