• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Мұхтар Мағауиннің ұлы дүние салды

80 рет
көрсетілді

Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

23 маусым күні атақты қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.

Мағжан Мағауин Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз.

Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 9 қаңтарда, 85 жасқа қараған шағында, АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болған. Ол қазақ әдебиеті мен тарихын терең зерттеп, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған танымал тұлға.