• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Бүгін, 08:00

Жасанды интеллект: қауіп пе, мүмкіндік пе?

20 рет
көрсетілді

Қазір қоғамда жасанды интеллект (ЖИ) саласы ең көп талқыланып, қызығушылық тудырып отыр. Шынды­ғында, бұрын ғылыми-фантастикалық фильмдерден ғана көріп армандаған дүниелеріміз ақиқатқа айналып келеді. Бірақ бұл технология бізге пайда әкеле ме, әлде қауіп төн­діре ме? Осы сұрақ мені жиі ойландырады.

Мен – 11-сынып оқу­шы­сы­мын. Бола­ша­ғымды журна­листика саласымен байланыс­тыруды армандаймын. Ақпа­ратпен жұмыс істеу, шын­дықты іздеу, қоғамға ой тастау – мен үшін өте маңызды. Ал ЖИ бұл салаға да әсер ете бас­тады: мақалалар жазу, жаңа­­л­­ықтарды шұғыл түрде та­рату, тіпті дауыс арқылы мә­тін құрастыру сияқты мүм­кін­діктер пайда болды. Бұл әрі қуантады, әрі ойландырады.

Жасанды интеллекті­нің арқа­сында ғылым мен білім саласында үлкен жетіс­тік­терге қол жеткізілді. Мысалы, күрделі ауруларды ерте анықтау, жеке оқу бағдарламаларын құрастыру, аударманы автоматтандыру бұрын-соңды болмаған жаңа мүмкіндіктерді ашты. Сондай-ақ ЖИ мұға­лім­дер мен дәрігерлерге көмек­ші ретінде қызмет ете алады. Бұл – керемет жетістік. Дәл сол сияқты, журналисти­када да деректерді талдау, та­қы­рыпқа сай креатив ұсыну, мәтінді құрылымдау сынды жұмысты жылдам әрі тиімді атқаруға болады. Яғни ЖИ дұрыс қолданылса, адамның жұмысына көмекші, шабыт көзі бола алады.

Алайда жасанды интел­лек­тінің дамуы адамзатқа қауіп төндіруі де мүмкін. Кейбір маман­дықтар жойылып барады. Мысалы, call-орталық операторлары, аудармашылар, тіпті кейбір журналистердің де орнын алгоритмдер басып жатыр. Бұл жұмыссыздықты арттырады. Сонымен қатар ЖИ арқылы жалған ақпарат та­рату, фейк жаңалықтар жасау немесе кибершабуыл ұйым­дас­тыру сынды қауіп те бар. Қол­да­нушы жауапсыз болса, бұл тех­но­логия қоғамға зиян келтіреді.

Бір жағынан, жасанды интеллект – құрал ғана. Оны қалай қолдану адамның өзіне байланысты. Егер біз оны жақсылыққа, дамуға және көмекке пайдалансақ, ол бізге жаңа мүмкіндік есігін ашады. Ал оны бақылаусыз дамыта берсек, болашақта қиындықтар туындауы мүмкін. Меніңше, бұл технологияны тоқтату емес, жүйелі түрде дамыту және бақылау маңызды. Басты міндет – ЖИ-ді адамға қызмет ететін деңгейде ұстау.

Анығын айтқанда, жасанды интеллект – қауіп те, мүмкіндік те. Ол біздің болашағымызды өзгертетіні анық. Бірақ бола­шақ бүгінгі жастардың қо­лын­да. Біз жауапты, білімді, ізде­німпаз болсақ, ЖИ бізге көмек­теседі. Ал егер бейқам қарасақ, ол бізді басып озады. Таңдау өзімізде.

 

Хадиша ПЕРДЕБАЙ

 

Түркістан облысы