«Meta» компаниясы спортшылар мен белсенді қолданушыларға арналған жаңа «Oakley» смарт-көзілдіріктері сериясын жариялады.
Көзілдіріктердің алдыңғы бөлігінде 3K камера орнатылған және «Meta AI» дауыстық көмекшісімен жабдықталған. Сондай-ақ құрылғы «IPX4» су өтпейтін стандартқа сай жасалған. Көзілдірік 8 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады. «Meta» өнімді «EssilorLuxottica» компаниясымен бірлесе отырып әзірлеген. Компания 2026 жылға дейін жыл сайын 10 миллион дана смарт-көзілдірік сатуды жоспарлап отыр.