• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:41

Руслан Берденов «Respublica» партиясының тең төрағасы қызметінен кетті

30 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов енді «Respublica» партиясының тең төрағасы қызметін атқармайды. Ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Руслан Берденов биылғы жылдың 24 ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Мәжілістегі депутаттық өкілеттігін тоқтатты.

Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, ол әлі өз міндетін атқаруға кіріспеген. Руслан Берденов еңбек демалысында. Қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов әкім орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.