• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:10

Сақ дәуірінің алтын бұйымдары

20 рет
көрсетілді

Қасиетті Қарадала қойнауы қазынаға толы. Олай дей­ті­німіз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің архео­ло­­г­ия­лық экспедициясы Ұйғыр ауданында екі айға жуық зерттеу жұ­мыс­ын жүргізіп, нәтижесінде, күтпеген олжаға кенелді.

«Тоғызбұлақ учаскесіндегі обалар­дың біразы тонал­ған, кейбірі апатты жағдайда тұр. Соған қарамастан зерт­теушілер Тоғыз­бұлақ-1 және Тоғыз­бұлақ-2 қорымындағы 6 обаны­ ашып, сараптама жасады. Тоғызбұлақ-1 қоры­мында 20-дан астам оба анықталса, оның 10-ы алыс­тан тізбектеліп мен мұн­далайды. Солардың арасынан айрықша көзге түскен төрт оба ашылды. Біріншісінен жас баланың сүйегі табылса, екіншісінен шашылған сүйек қалдықтары ілінді. Ал үшінші және төртінші обада ғалымдар күтпеген олжаға кенелді. Дәл осы обалардан қыш ыдыстар мен киімге, белдікке арнайы жасалған алтын қапсырмалар мен алтын жүзік табылды. Бұл жәдігерлер біздің заманымыздан бұрынғы ІV-ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларына тиесілі. Және сол замандағы жергілікті халықтың өрке­ние­тінен хабардар етеді, жәдігерлердің көпшілігі аң сти­лінде жасалған. Алтын қап­сырмалар қазақтың қош­қар мүйізі, тамшы тәрізді формада жасалған», дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байқонақов.

Қорымнан табылған 30 шақты жәдігердің ең құн­ды­сы және сызат түспей аман сақталғаны – алтын жү­зік. Оның салмағы – 8 грамм, онда арыстан бейнесі бедер­лен­ген. Профессор Дос­бол Сүлейменұлы осыған ұқсас жүзік Есік қаласынан табылған «Алтын адамда» болғанын алға тартты. Жүзіктегі арыстан бей­несі династиялық билікті біл­діретіндіктен, бұл обаларда жай адамның мүрдесі жат­пағанын айтады.

Бұл баға жетпес жәді­герлер өлке тарихын байытуға орасан зор септігін тигізері сөзсіз.

«Алтын әшекейлердің табы­луы – сақ дәуіріндегі зер­герлік өнердің биік деңгейін, зергерлердің асқан шеберлі­гін көр­сетеді» дейді Алматы облыстық мәде­ниет, архивтер және құжаттама бас­қар­ма­­сының басшысы Данияр Әлиев.

Қазба жұмысы барысында та­былған жәдігерлер алдағы уақытта арнайы зерт­ханаға жіберіліп, тарихи құн­дылығы анықталады.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар