• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:25

Найзағай қалай пайда болады?

20 рет
көрсетілді

Найзағай – біз жиі байқайтын аспандағы ерекше құбылыс. Бірақ оның қалай пайда болатыны туралы ойланып көріп пе едіңіз.

Найзағай – бұлт пен жер арасында болатын электр разряды, яғни үлкен ток ұшқыны. Аспанда бұлттар жүргенде олардың ішінде су тамшылары мен мұз кристалдары соқтығысып, электр зарядтары пайда болады. Бұлттың төменгі жағына теріс, жоғарғы жағына оң заряд жиналады. Ал жер беті, керісінше, оң зарядқа қарсы теріс заряд жинайды. Екі арада кернеу күшейе береді. Кернеу шегіне жеткенде ауа жарылып, жасын ойнайды. Біз найзағайдың жарығын бірінші көреміз, ал күркіреуін сәл кейін естиміз. Өйткені жарық дыбыстан әлдеқайда тез.

 

Дайындаған –

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті