Күн сәулесі – ақ жарық. Оның құрамында барлық түс бар. Күн сәулесі суға түскенде, кейбір түстер судың ішіне сіңіп кетеді. Әсіресе қызыл, сары, жасыл түстер көп жұтылады. Ал көк пен күлгін түстер суға шағылысып, кері қайтады. Сол себепті көзімізге теңіз суы көк немесе көгілдір болып көрінеді. Ал теңіз жасылдау көрінсе, ол жерде фитопланктон деп аталатын ұсақ тірі ағзалар көп болуы мүмкін.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті