• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2025

«Amanat»-тың талабы орынды

40 рет
көрсетілді

Алматы облысының бірқатар ауылында учаскелік инспекторлар әлі күн­ге дейін бейімделмеген ғимараттарда жұмыс істеп жүргені алқа­лы жиынның негізгі тақырыбына айналды. Өңірдің халық тығыз қоныс­тан­ған Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында осы жылы ашылуға тиіс 10 учаскелік полиция пунктінің құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбеген.

Құқық қорғау қызмет­кер­лері­нің жұмысына кері әсе­рін ти­гі­зетін өзекті мәселе Алматы облыс­тық мәслихатындағы «Amanat» партия­сы депутаттық фракция жиналы­сын­да көтерілді. Облыстық Полиция депар­та­менті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Байқұловтың мәлім­де­уінше, қара­жаттың жоқтығынан аталған аудан­дарда учаскелік инспекторлар әлі күнге дейін бейімделмеген немесе жалға алын­­ған ғимараттарда жұмыс істеуге мәжбүр.

– Учаскелік инспектор – тұрғындарға ең жақын құқық қорғау өкілі. Халыққа қол­жетім­ді болу үшін әр ауылда тиісті пункт болуы керек. Биыл Еңбек­шіқазақта – 3, Іле ауданында – 3, Талғар­да 4 пункт салу жоспар­ланған еді. Алай­да бұл нысандардың ешқай­сы­сына қар­­жы қаралмаған. Бұл тек полиция жұ­­­мы­сына емес, тұтастай алғанда қо­ғам­­дық қауіпсіздікке әсер етеді, – деді Н.Байқұлов.

Фракция төрағасы Лаззат Тұрлашов бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, учас­келік пункттердің болуы тұрғын­дардың қауіпсіздікке деген сенімін арттырады.

– Бұл – біздің сайлауалды Жол картасында көрсетілген нақты міндеттердің бірі. Учаскелік пункт – жай ғана ғимарат емес, халық пен билік арасындағы тікелей байланыс орны. Сондықтан бұл мәселені назардан шығар­май, шешім қабылдауды талап етеміз, – деді фрак­ция төрағасы.

Фракция отырысының қоры­тын­дысы бойынша, депутаттар об­лыс­тық бюджетке өзгеріс енгізіп, 10 поли­ция пунк­ті­­нің құрылысын қар­жы­ландыруды ұсын­ды. Партия бұл мәселені бақылауда ұстай­тынын жеткізді.

«Amanat» партия­сының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында өткен жылы да қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар нақты іс-шара жүзеге асты.

Былтыр Алматы облысында мемле­кет-жекешелік әріптестік арқылы 9 100 бей­не­бақылау камерасы мен 325 интеллек­туалды бақылау жүйесі орнату жобасы бас­талды. Қонаев қаласында суқоймасы ма­ңында қосымша 51 камера іске қосылды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есе­бінен учаскелік инспекторларға арнал­ған 8, ал патрульдік полицияға 26 қызмет­тік автокөлік сатып алынып, толық пайдала­нуға берілген.

 

Алматы облысы