• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарын тексерді

40 рет
көрсетілді

Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарының жұмысына бақылауды күшейтті. Инспекциялық жұмыстарды автомобиль көлігі комитетіне қарасты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Бүгінде 431 зауыттың 382-сі, яғни 89 пайызы тексеруден өтті. Астана, Шымкент қалалары және Алматы, Жетісу, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы барлық жұмыс істеп тұрған АБЗ толық қамтылған. Инспекция қорытындысы бойынша бірқатар АБЗ-ға қызметін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Бұл – зауыттардың қажетті сапа деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді. Қалған зауыттар да тексеріледі. 

Министрліктің мәліметінше тексеру барысында асфальт-бетон зауыттары және зауыт зертханаларының қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі жан-жақты зерделенді. Әсіресе, сапа қызметіне жауапты мамандардың болуы, жол құрылысы материалдарын сақтау-тасымалдау ережелері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сапаны бақылау бойынша технологиялық регламенттердің бар-жоғы бағаланды.