Елімізде биыл 83 соғыс ардагері мемлекеттік төлем алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының дерегіне сәйкес, олардың 69-ы – соғыс ардагерлері, 14-і – соғыс мүгедектері.
Мәліметке сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шамамен 1,2 миллион Қазақстан азаматы майданға қатысқан. Бүгінде олардың саны елде санаулы ғана адаммен шектеледі.
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Мемкорпорация арнайы төлем алушылар саны бойынша көш бастап тұрған 5 өңірді атады:
Алматы қаласы – 26 адам Алматы облысы – 8 адам Қостанай облысы – 6 адам Шығыс Қазақстан облысы – 4 адам Қарағанды облысы – 4 адамВедомствоның мәліметінше, бұл төлемдер ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының бірі саналады.
Нұрболат АМАНБЕК