Нидерланд 2017 жылдан бері жел энергиясына көшкен. Пойыздар дизельмен не көмірмен емес желмен жүреді.
Ел аумағында мыңдаған жел генераторы орнатылған. Бір ғана жел бағаны бір сағатта өндіретін энергия арқылы пойыз 200 шақырымға дейін жүре алады. Нидерланд теміржолы – Еуропадағы ең белсенді желілердің бірі. Күн сайын 600-700 мың жолаушыны тасымалдайды.