АҚШ-тың Юта штатында ғалымдар ешбір түрге жатпайтын ежелгі өсімдіктің тасқа айналған қалдықтарын тапты.
Зерттеушілер оны «Othniophyton elongatum» деп атаған. Ерекше құрылымы үшін «өзге ғаламшарлық өсімдік» деген бейресми атау да берілген. Бірінші үлгі 1969 жылы Грин-Ривер формациясынан табылған. Ал екінші табылғаны – жапырағы, гүлі мен жемісі бар кәдімгі өсімдік. Зерттеу нәтижесі бойынша өсімдік 400-ден астам қазіргі белгілі гүлді өсімдіктер тұқымдасының ешқайсысына жатпайды. Өсімдіктің жасы – шамамен 47 миллион жыл.