• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:30

Түркістанда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

20 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, арты ірі өртке ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Бейбітшілік көшесінде орналасқан автокөліктерге жанармай құю бекетінде болған. Жарылыс төгілген жанармайдың газ-ауа қоспасынан тұтануы салдарынан болған. 

Жалын бірден көршілес жеке тұрғын үйге, коммерциялық ғимаратқа және дәріхана мен дүкенге тараған. Өрттің жалпы ауданы 855 шаршы метрді құраған.

Жарылыс салдарынан 1996 жылы туған жүргізуші ауыр дәрежедегі күйік алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесінің 85–90% күйіп қалған.

«Оқиғаның салдарын жою үшін ТЖД (жеке құрамның 31 адамы мен 9 бірлік техникасы), Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (8 адам және 2 бірлік техника), ішкі істер органдарының (4 адам және 1 бірлік техника), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың (10 адам және 2 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында тергеу бөлімі мен өрт-сынау зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір газ-ауа қоспасының тұтану себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда көпқабатты үйлерде өрттердің жиілеп кеткені байқалады. Биылғы жылдың алғашқы бес айында елімізде 369 өрт оқиғасы тіркелген.