Кей адамдардың өмір жолы – өз алдына бір фильм. Сондай тағдыры таңғаларлық жанның бірі – ағылшын медбикесі Вайолет Джессоп.
Ол өткен ғасырдағы үш кеме апатына куә болып, үшеуінен де аман қалған. 1911 жыл В.Джессоп «Олимпик» атты лайнерде бортсерік болып жұмыс істеп жүрген еді. Сол жылы аталған кеме әскери «Хоук» крейсерімен соқтығысып, айтарлықтай зақымданған. Бірақ бортсерік аман қалды. 1912 жылы атақты «Титаник» апаты болғанда да Вайолет құтқару қайығына мініп, құтқарылды. Ал 1916 жылы «Британник» лайнері минаға жарылып суға батқанда Вайолетті Құдай тағы да сақтады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жоқ өлмейді», деген осы ғой...