• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 11:21

Қайтарылған қаржыға Қарағанды облысының су құбыры желілері жөнделеді

10 рет
көрсетілді

Үкімет осы мақсатқа қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесін бөлген, деп жазады Egemen.kz.

Жобалар облыстың бірнеше елді мекендерінде – Қарағанды қаласында, Тихоновка, Садовое, Колхозное, Ақтерек, Әлихан ауылдарында, сондай-ақ Көктенкөл стансасында іске асырылып жатыр.

Су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары олардың тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты қолға алынған. Көптеген желі ондаған жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылып, апаттар мен су беру үзілістеріне, тұрғындардың шағымына себеп болып келген. Барлық жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда елді мекендерді кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, Қарағанды қаласы тұрғындары ауыз сумен 99,4%, ал ауыл халқы 97,9% қамтылған.