«City Transportation Systems» ЖШС елордадағы бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгергенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Хабарланғандай, № 327 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілген. Сонымен қатар «Разъезд №41» аялдамаға тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты №№ 80, 304, 315, 316, 321, 322 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді.
Сондай-ақ № 29А бағдардың қозғалыс бағыты өзгерген.