• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес Кеше

Меморандумға қол қойды

20 рет
көрсетілді

Елімізге саяхаттау Қытай турис­теріне бұрынғыдан да қол­жетімді болмақ. Туризм сала­сын­дағы ҚХР-дың жетекші digital-платформаларының бірі «Zowoyoo» Орталық Азиядағы ал­ғашқы кеңсесін Алматы қала­сында ашты. Бұл туралы «Цифр­лық Жібек жолы – 2025» халық­аралық форумында жарияланды.

Қазақстан мен Қытайдың туризм индустриясы өкілдері арасындағы өз­ара тиімді ынтымақтастықты нығайту­ға ар­налған форумға екі елдің жетекші сарап­шылары, туроператорлары, қонақ­үй бизнесі мен «Ctrip», «Tongcheng», ­«JD Travel» тәрізді ірі технологиялық ком­па­нияларының өкілдері қатысты. Бас­қосу аясында «Kazakh Tourism» мен «Zowoyoo» компаниялары ынты­мақ­тастық туралы меморандумға қол қой­ды. Құжат еліміздің туристік әлеуетін Қытай нарығында цифрлық форматта дәріптеуге, Қытайдан туристерді белсенді тартуға бағытталған.Тараптар алдағы уақытта саяхатшы­ларға бейімделген заманауи цифрлық экожүйені дамытады. Серіктестік аясында еліміздің Қытайдағы «Douyin» (TikTok-тың баламасы), «Xiaohongshu» (Little Red Book) тәрізді танымал платформаларда, басқа медиаарналарда ұсынылуын кеңейту қарастырылған.«Zowoyoo» Қытай қолданушы­лары­­ның цифрлық мінез-құлқын жақ­сы түсінеді. Бұл бізге жаңа буын туристерінің талғамы қалыптасатын негізгі платфор­маларда барынша жеке стратегия құ­ру­ға мүмкіндік береді. Осылайша, біз әр­бір саяхатшыға бейім­делген тәжірибе ұсы­нып, олардың са­парды жоспарлауын­ едәуір жеңіл­детеміз», деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төр­ағасының орынбасары Даниел Сержанұлы.Қытай делегациясына еліміздің туристік әлеуеті таныстырылып, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Панельдік сессиялар барысында екі негізгі тақырып: туризм экожүйесінің цифрлық трансформациясы, заманауи медиалар арқылы маркетингтік ілгерілету көтерілді.Форум екі ел арасындағы туризм мен мә­дени байланыстарды дамытуға ар­нал­ған маңызды диалог алаңына айналды.