• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 16:54

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

10 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС елдерінің БАҚ пен аналитикалық орталықтарының форумы өтті. Форумға жетекші медиа құрылымдардың, мемлекеттік ведомстволардың, ғылыми және іскер топтардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің бас директоры Фу Хуамен кездесуі өтті. Тараптар екіжақты медиа ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың өзекті екенін растады.

Қытай тарапы Казахстанның ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, форум аясында Асқар Омаров Латын Америкасы мен Азия елдерінің мемлекеттік ведомстволары мен аналитикалық орталықтарындағы әріптестерімен бірқтар кездесу өткізді.