• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 16:46

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 14 млрд теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды өтеді

30 рет
көрсетілді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2024 жылдың жазында орналастырылған қысқа мерзімді облигациялар бойынша төлемдерді аяқтады. Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 миллиарды - негізгі қарыз, тағы 1 миллиарды - купондық сыйақы, деп жазады Egemen.kz.

«Қысқа мерзімді облигацияларды пайдалану біздің астық трейдері ретіндегі қызметіміздің айналым цикліне сәйкес келеді, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі және борыштық нарықтың нарықтық мөлшерлемесі төмендеген жағдайда купон бойынша шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мұндай қаржы құралы өзінің жоғары өтімділігінің арқасында инвесторлар үшін тартымды», деді басқарушы директор, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ильдар Исмагулов.

Тартылған қаражат астықпен операциялар жүргізу үшін айналым капиталын толықтыруға бағытталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық қаржыландыру үшін ішінара пайдаланылды.

Төлемдер аяқталғаннан кейін корпорацияның қарыз жүктемесінің деңгейі ыңғайлы мәнге дейін төмендеді - қаржылық левередж коэффициенті 1-ден азды құрады.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне, оның ішінде қаржы құралдарының кең спектрін қолдану есебінен жүйелі қолдау көрсете отырып, тұрақты даму стратегиясын ұстануды жалғастырып жатыр.