• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Кеше

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті

20 рет
көрсетілді

Қайғылы хабарды журналист Серікқали Мұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

«Асылдың сынығы еді… Тұлпардың тұяғы еді… Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық… Үйінде отырып, жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…», деп жазды журналист С. Мұқашев. 

Мұхтар Түменбай 1970 жылдың 11 тамызында дүниеге келген. Белгілі жазушы, көсемсөзші Жақсылық Түменбаевтың ұлы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Шығармашылық жолын мерзімді баспасөзде бастаған Мұхтар Түменбай түрлі республикалық газеттер мен телеарналарда жұмыс істеді. Ол өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қоғамдық ойдың қозғаушысы бола білді. Журналистік қызметінде әділеттілік пен адамгершілік ұстанымын биік қойған тұлға ретінде танылды.

Әкесінің қаламгерлік жолын лайықты жалғастырған Мұхтар Түменбай тек кәсіби журналист қана емес, ел ішіндегі мәдени, рухани ахуалға бейжай қарамайтын азамат, ойлы публицист, азаматтық көзқарасы қалыптасқан тұлға ретінде ел жадында қалды.