Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Бүгінде ел қоржынында 1 алтын және 5 қола медаль бар, деп жазады Egemen.kz.
Таэквонда сайысында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Самирхон Абабакиров финалда Түркиядан келген Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, оны раундтар бойынша 2:0 көрсеткішімен жеңді. Осылайша, отандасымыз қоржынға алғашқы алтын медальды салды.
Бұл – аталған додадағы Қазақстанның таеквондодан алтыншы медалі. Бұған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан, Нодира Ахмедовалар қола жүлдегер атанған болатын.