• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы Кеше

18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады

60 рет
көрсетілді

Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Жуырда ғана диплом алған 18 жасар жігіттің қазірдің өзінде тұтынушылары көп. Ол әртүрлі заманауи десерттерді, кондитерлік өнімдерді өз қолымен дайындап, ерекше дәмімен дараланып жүр. Оның осы салаға деген қызығушылығы бала күнінен бастау алыпты. 16 жасынан бастап еңбекке араласқан ол қазақ тілін жетік меңгерген.

Жас маманның жетістігіне ерекше қуанып жүрген жандардың бірі – колледждегі алғашқы кураторы. Қазір сол ұстазымен бірге бір мекемеде еңбек етіп жүрген К.Савельев енді жоғары оқу орнына түсіп, кәсіби деңгейін одан әрі дамытуды көздеп отыр.

Шетелге шығып, әлемдік деңгейдегі кондитерлік мектептерде тәжірибе алмасуды мақсат еткен ол – қазақ жастарының білім мен кәсіпті қатар игеріп, еңбек нарығына еркін бейімделе алатынын дәлелдеген жас маман.

«Жас маман ретінде өз ісіне адал, шеберлігі жылдан-жылға артып келеді. Біз үшін Кирилл – үлгілі түлек», дейді колледж ұстаздары.

Соңғы жаңалықтар