• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматы әкімі «Таза Қазақстан» бастамасына жастарды жұмылдыруды ұсынды

50 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқанын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңесте  атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі және алдағы уақыттағы басым бағыттар, соның ішінде тұрғындарды экологиялық акцияларға тарту мәселелерімен танысқан әкім Дархан Сатыбалды жастардың экологиялық бастамаларға көптеп қатысуына ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты. Өйткені, жастар буыны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тазалық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөлге ие, деп жазады Egemen.kz.

Қала басшысының айтуынша, тазалық мәдениетін қалыптастыруда жастардың рөлі зор.

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқанын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңесте  атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі және алдағы уақыттағы басым бағыттар, соның ішінде тұрғындарды экологиялық акцияларға тарту мәселелерімен танысқан әкім Дархан Сатыбалды жастардың экологиялық бастамаларға көптеп қатысуына ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты. Өйткені, жастар буыны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тазалық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөлге ие.

Бүгінде қалада жастардың қатысуымен  еңбек жасақтары, еріктілер қозғалысы, «Жасыл ел», «Экорейнджерлер» жобалары, студенттік қауымдастықтар мен комьюнити-орталықтар қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен белсенді жұмыс істеп жатыр.

«Жасыл ел» аясында 2 мыңнан астам жас сенбіліктер мен танымдық іс-шараларға қатысты. 144 000 жасыл жасыл желек тексеріліп, 35 рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталды. Комьюнити-орталықтар шағын экохабтар ретінде жұмыс істеп, тұрақты тұтыну мәдениеті мен ресурстарды ұқыпты пайдалану әдетін қалыптастырып отыр. Бұл бастамаларға 15 мыңнан астам алматылық жас қамтылған.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Алматыда 170-тен астам іс-шара ұйымдастырылып, 35 мыңнан астам адамды қамтыды. Қала тұрғындары сенбіліктерге, экологиялық рейдтерге және өзге де жобаларға белсенді қатысып келеді.

Сонымен қатар кері байланыс үшін цифрлық құралдар қолданылады. Биыл шілдеде TazaQazBot платформасы арқылы қала тұрғындарынан 305 өтініш түсіп, басым бөлігі шешімін тапты. Қазір санитарлық тазалау, қоқыс шығару, ағаштарды кесу мен бұтау, суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жасыл қорды бақылау және проблемалық аумақтарды ретке келтіру жұмыстары қатар атқарылып отыр.

Дархан Сатыбалды жастардың атсалысуын күшейтуді, креативті форматтар мен цифрлық бастамаларды қолдауды, аумақтардың санитарлық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, тұрғындар арасында TazaQazBot платформасының қолданысын кеңейтуді тапсырды.

Алматы

Соңғы жаңалықтар