• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Елімізде жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі өтеді

20 рет
көрсетілді

Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар жарияланды. Қазақстан алғаш рет осы тізімнен табылды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, беделді турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады деп жоспарланып отыр. 

Әлем кубогінің бірінші кезеңі Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады. Үшінші кезең Астанада түйінделеді.

Әлем кубогінің кезеңдері өтетін нақты уақыт алдағы уақытта жарияланады.