• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы 04 Тамыз, 2025

Алматыдағы балалар үйінен кетіп қалған қыздар аман-есен табылды

310 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері мекемеден өз бетімен кеткен балаларды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы поллиция департаментінің мәліметінше, «Бағанашылдағы» балалар үйінен кетіп қалған 14 және 16 жастағы тәрбиеленушілерді криминалдық полиция қызметкерлері тапқан.

— Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағында анықталды. Қазіргі уақытта екеуі де жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полиция жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала береді, — деп хабарлады департаменттен.