• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Баға Бүгін, 15:10

Тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулады

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың басынан бері Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағалар әлі де өсіп келеді, бірақ шілде айында қарқыны біршама бәсеңдеді, деп жазады Egemen.kz.

Halyk Finance аналитикалық орталығының мәліметінше, жеті айда жаңа пәтерлердің бағасы орта есеппен 7,1%-ға, ал екінші нарықтағы тұрғын үй 6,3%-ға қымбаттады.

Жаңа тұрғын үйлер ішінде ең көп қымбаттаған қала – Павлодар. Мұнда жыл басынан бері бірден 18,9%-ға өскен. Дегенмен, шілде айында баға өзгермеген. Пәтерді жалға алу құны болса, аса қатты секірмей, 2,3%-ға ғана көтерілді. Сарапшылар биылғы жылдың соңына дейін баға қайтадан жедел өседі деп болжайды.

Екінші нарықта жағдай әртүрлі. Мысалы, Қарағандыда жыл басынан бері баға 0,1%-ға, Қонаевта 1%-ға төмендеген. Ал Алматыда керісінше тұрақты өсім бар. 17%-ға қымбаттады. Ел бойынша орташа өсім 6,3% шамасында, бұл салыстырмалы түрде баяу қарқын саналады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі бәсеңдеу – уақытша құбылыс. Жыл соңына қарай құрылыс материалдары мен сұраныстың артуына байланысты тұрғын үй бағасы қайтадан жылдам өсуі мүмкін.