Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шықты. Іріктеу сатысында Рафаэль Оразбахтин баптайтын «Қайрат» футболшылары Словакияның «Слован» клубын пенальти сериясында жеңді. Алғашқы тартыс Алматының «Орталық стадионында» өтіп, 1:0 есебімен «Қайрат» басым түссе, Братиславада өткен қарымта матчта дәл осындай есеппен «Слован» озды. Экстра таймда да есеп өзгерген жоқ. Матчтан кейінгі пенальти сериясында алматылықтардың мерейі үстем болды. «Қайрат» футболшылары енді 19 тамызда Шотландияның Глазго қаласында «Селтик» клубына қарсы ойнайды. Қарымта матч 26 тамызда Алматыда өтеді.
Спорт
•
Бүгін, 08:12
Жарыстар күнделігі: Футбол
30 рет
көрсетілді