• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:07

Өткізу пункттеріндегі жұмысты тексерді

40 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына арнайы келіп, Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын зерделеді.

Премьер-министр Қырғыз Республикасымен шекарада орналасқан «Қордай» және «Қарасу» автокөлік өткізу бекет­тері­не барып, нысандардың ин­­ф­рақұрылымымен, бекеттегі өзек­ті мәселелермен және мұн­дағы жұмысты ширату жөніндегі жоспарлармен танысты.

ЕАЭО елдерімен шекарада 39  автокөлік өткізу пункті бар. Аталған бекеттердің екеуінде жөндеу жұмыстары межелі мерзімде толыққанды аяқталған. Жаңғырту жұмыстары 10 пунктте, оның ішінде Қазақстан-Ресей шекарасында басталған. Өзге де өткізу пункттері жаңғыртылмақ.

«Қордай» автокөлік өткізу бекетінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде қозғалыс жолақтарының саны 4-тен 8-ге дейін артқан. Сондай-ақ төлқұжаттық қадағалау кабиналарының саны 20-дан 40-қа дейін жеткізілген. Нақты дерекке жүгінсек, мұндағы өткізу қабілеті 4 есеге, автокөлік бо­йынша 2,7 есеге өскен.

Ал «Қарасу» пункті бо­йынша жаңғырту жұмыстары басталды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде мұнда өткізу қабілеті тәулігіне 700-ден 2 мыңнан астам көлік құралына дейін арттыруға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар жүк ағыны мен көлік қозғалысын жақсарту жоспарланған.

Үкімет басшысы шекара нысан­­дары трансшекаралық ынты­мақ­­тастықты дамытуда маңыз­­ды рөл атқаратынын және ха­лық­­аралық автомобиль және жолау­­шылар қатынасын қамтама­­сыз ететінін атап өтті. Оларға реконструкциялау жұмы­сын жүргізу Мемлекет басшысы­ның жеке бақылауына алынған. 

Олжас Бектенов жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақ­тылы орындалуын қамта­масыз етуді, сондай-ақ рәсім­деу жұмыстарын жылдамдату бойынша цифрлық технологияларды енгізуді жандандыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлылықты арттыру мақсатында жағдай жасау үшін бірқатар тапсырма жүктеді.

Сапар барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық­аралық дәлізінің құрамында тауар­ларды сақтау, өңдеу, шоғыр­ландыру және өткізудің негіз­гі орталығына айналатын индус­триялық-сауда-логистика­лық кешен салу жобасын жүзе­ге асыру туралы баяндалды. Олжас Бектенов құрылыс жұмыс­тарының мерзімі созылып кетуіне байланысты сын айтып, қысқа мерзімде тиісті шаралар қабыл­дауды және жұмыс сапасы мен қарқынын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

 

Жамбыл облысы