• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 09:15

Бүгін - Шекарашылар күні

40 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанда ел тыныштығын тәулік бойы күзететін Шекарашылар күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке мемлекет шекарасының тұтастығын күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге арналған, деп жазады Egemen.kz. 

Бес мемлекетпен шектесетін Қазақстан достық пен өзара татулықтың айқын үлгісін көрсетіп келеді. 15 мың шақырымнан асатын кең шекара бойында антына адал, рухы биік шекарашылар күн-түн демей қызмет атқарып жүр. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан бұл қырағы қызмет заман талабына сай жетіліп, жылдан-жылға нығайып, ауқымын кеңейтіп келеді.

Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды. Алайда айтулы дата Қазақстанның мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне 2012 жылғы 29 тамызда ғана енгізілді.

Еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 402 км, су шекарасы – 1730 км.

Шекарашылардың басты міндеті – мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандарға тосқауыл қою, ел аумағына қауіп төндіретін кез келген әрекеттің алдын алу. Бұл жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген жас мамандардың ерлігі – Қазақстан қауіпсіздігінің басты кепілі.