Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, фармацевтика саласында 2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек өндірісі үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау бойынша шаралар қолға алынған.
Баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында шекті бағаларды белгілеу тетігі қайта қаралып: артық шығындар алынып тасталып, дженериктер бағасы 30%-ға дейін төмендетілген.
Референттік баға белгілеудің жаңа моделін енгізу дәрі-дәрмек құнын 12%-ға төмендетуге мүмкіндік беріп, ал жалпы экономикалық тиімділік шамамен 50 млрд теңгені құраған.